Қытайда роботакси қызметі пайда болды

Қытайда роботакси қызметі пайда болды
24 kz

18 млн халқы бар шаһарда автономды көліктің қозғалысына ресми түрде рұқсат берілген, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Роботакси түрлі сенсорлармен жабдықталған. Көлік басқаратын орын бос болғанмен, қасындағы орындықта жүргізуші міндетті түрде отыруға тиіс. Бұл - жолдағы қауіпсіздікті сақтау үшін қажет шара. Ережеге сәйкес, жол апаты кезінде мұндай көлік кімнің басқаруында болса, онда сол адам жауапкершілікке тартылады. Ал роботакси рульде ешкім болмаса, онда көлік иесі жауапқа тартылуы мүмкін. Дегенмен жоғары технологияға жауапты компания үшін роботакси қызметіне рұқсат берілуі үлкен жеңіс. Осылайша қаладағы  жоба көшедегі қозғалыстың қарқынын бағамдап, жолдағы қауіп жайлы көбірек мәлімет ала алады. Мұндай деректер роботакси қызметін жетілдіруге сеп болмақ.

- Мұндай технологияның автокөлік өндірісіне зор ықпалы тиетіні сөзсіз. Міне, қазір робот көлікті сынау аумағы кеңейді. Яғни, роботаксидің көмегімен автономды басқаруды жиірек сынай аламыз. Айтпағым, мәлімет неғұрлым көп болса, алгоритмді жетілдіру соғұрлым тез болмақ, - дейді Жоғары технологиялар компаниясының атқарушы директоры Максвелл Чжоу.