Қыстың соңғы күнінде ауа райы қандай болады

Қыстың соңғы күнінде ауа райы қандай болады
Сурет: Ашық дереккөз

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Синоптикер Қазақстан бойынша ақпанның 28-іне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәліметке сүйенсек, еліміздің басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы болжанды.

Тек Қазақстанның батысы мен солтүстігіне Атлантикалық циклон ықпал етеді, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, солтүстікте бұрқасын күтіледі.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде -8-10°С, күндіз 0,-2°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел, күші 0,-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -3-5°С, күндіз +8+10°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде -1+1°С, күндіз +12+14°С болады.