Ел ішіндегі өзгерістерге азаматтар енжар қарамауы тиіс

Ел ішіндегі өзгерістерге азаматтар енжар қарамауы тиіс
Cурет: Almaty.tv

Дәстүрлі әнші Айгүл Қосанованың алда өтетін референдумға қатысты пікір білдірді

Оның айтуынша, қоғамдағы жағдайдың жақсаруы үшін сол қоғамды құрайтын көпшілік дауыс беруге қатысып, сүбелі үлес қосуы қажет. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚР-ның азаматы ретінде мен ойлаймын өтіп жатқан референдумға бір адамдай атсалысуымыз керек. Өйткені, елдегі болып жатқан өзгерістер қоғамға өзінің пайдасын тигізетіні хақ. Сондықтан әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын пайдалана отырып, жаңа бір жақсы белестерге шығуына атсалысуы керек деп ойлаймын. Сондықтан да баршаңызды референдумға шақырамын», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова.