Қырғызстанның Қызылқия қаласында сел жүріп, төтенше жағдай жарияланды

Қырғызстанның Қызылқия қаласында сел жүріп, төтенше жағдай жарияланды
Сурет: Ktrk.kg

Толассыз жауған жаңбырдан кейін бірнеше көшені су басқан.

Қырғызстанның Қызылқия қаласында сел жүрді. Қалада төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, 18 маусым күні сағат 18:00-де толассыз жауған жаңбырдан кейін бірнеше көшені су басқан. 6 әлеуметтік нысан мен 7 тұрғын үй апатты жағдайда қалған.

Табиғи апаттың салдарын жою жұмыстарына 117 құтқарушы жұмылдырылып, төтенше жағдай орнында азаматтық қорғау комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрі Б.Әжікеев қала тұрғындарымен кездесті.