Қор нарығында доллар арзандады

Қор нарығында доллар арзандады
Сурет: Kapital.kz

АҚШ долларының орташа бағамы – 443,26 теңге. 

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,65 теңгеге түсті. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 443,26 теңге. Ұлттық банктің 20 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 446,87 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 443,50 теңге, сатып алу – 447,50 теңге.