Қырғызстан мен Тәжікстан бейбіт хаттамаға қол қойды

Қырғызстан мен Тәжікстан бейбіт хаттамаға қол қойды
Сурет: Inbusiness.kz

Шекарадағы қарулы қақтығысты тергеу жөніндегі бірлескен комиссия 20 қыркүйекте жұмысын жалғастырады. 

Қырғызстан мен Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары елдер арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы Қырғызстанның вице-премьері және Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бастығы Қамшыбек Ташиев мәлімдеді. Ол құжатқа қол қоюды шекарада біртіндеп қалпына келе жатқан бейбітшілікке жасалған тағы бір қадам деп бағалады.

Сондай-ақ, Ташиев екі тарап құрған қырғыз-тәжік шекарасындағы жақында болған қарулы шабуылды тергеу жөніндегі бірлескен комиссия өз жұмысын 20 қыркүйекте жалғастыратынын айтты.