Киіктер көшеге шығып кетті

Киіктер көшеге шығып кетті
Сурет: видеодан алынды

Көкшетаудан шығар берісте бір топ киік автожолға шығып кетті.

Көлік жүргізушілер жабайы жануарларды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Ауа райының құбылуына байланысты елді мекен аумағында еліктер көп кездеседі. Қала көшелері мен тұрғын үй ауларында өріп жүрген еліктерді тұрғындар қызықтауда, ал мамандар болса жабайы жануарларды табиғи ортасына қуып әлек.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы бөлімінің басшысы Зинали Айтқожиннің айтуынша, еліктердің мұндай ерекше мінез-құлқы қатты аязға және қалың қарға байланысты. Еліктер қорек іздеп және суықтан жылыну үшін елді мекендерге шығады.

«Бүгінгі таңда Көкшетау маңында, қала көшелерінен еліктерді жиі кездестіруге болады. Қала маңында Шағалалы кенті, Елікті тауы, Қызылтан ауылы жағында орман алқаптары бар. Сондай-ақ Көкшетау ұлттық паркі аумағында еліктер көптеп кездеседі», - деп түсіндірді Зинали Айтқожин.

Айтуынша, елді мекендер аумағында еліктердің жүргендігі туралы инспекция мамандарына тұрғындар тарапынан хабар көптеп түсіп жатыр. Сол себепті аңшылық шаруашылығына, әкімдікке хат жолданған. Жабайы жануарлар қала сыртындағы дала және орманды алқаптарға шығарылып жатыр.

Айта кетсек, бұдан бұрын аязда ашыққан сібір еліктері Көкшетау мен Атбасар көшелерін кезіп жүргенін жазған едік.