Хайуанаттар бағының қызметкерлеріне су сиыр шабуыл жасады

Хайуанаттар бағының қызметкерлеріне су сиыр шабуыл жасады
Сурет: pexels.com/Timon Cornelissen

Үндістанда хайуанаттар бағының қызметкерлеріне су сиыр шабуыл жасады. Торды тазалап жатқан жұмысшыларға қарай жануар жүгірген. Жұмысшылардың біреуі қашып құтылған. Ал екіншісі үлгермеген, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz The Indian Express басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 18 желтоқсанда Лакхнау хайуанаттар бағында болған көрінеді. Басылымның мәліметіне сүйенсек, Сурадж пен Раджу тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқанда жануар арнайы орында қамаулы тұруы тиіс еді. Алайда біреу торды ашық қалдырып кеткен. Нәтижесінде, бегемот қашып үлгерген Раджуды жарақаттап, Сураджды мерт қылған. 

Жануар оқиғадан бірнеше күн бұрын басқа хайуанаттар бағынан Лакхнау қаласына ауыстырылыпты. Лакхнау хайуанаттар бағында 10 жылдан астам жұмыс істеген Сурадждың артында әйелі мен қызы қалды.

Фото: pexels.com

Директор су сиырға арналған үш қоршау барын айтқан. Біреуі жануарды келушілерге көрсетуге арналған, екіншісінде тамақтандырылған, ал үшіншісі тазалау кезінде айдалған.

"Екі қызметкер қораға кірген кезде жануардың неліктен қоршауға салынбағанын қарастырамыз", - деді директор.