Алматыда Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығы ашылды

Алматыда Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығы ашылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов басқарушы директор Кристалина Георгиева бастаған ХВҚ делегациясымен бірлесіп, Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдерінде әлеуетті дамыту жөніндегі Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) өңірлік орталығын ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шараға аймақтағы және әлем елдеріндегі орталық банктердің, халықаралық қаржы ұйымдары мен бірқатар дипломатиялық миссиялардың басшылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығының ресми ашылу салтанатынына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысып сөз сөйледі.

- Бұл – біздің қаламыздың елдермен, олардың экономикалары арасындағы ынтымақтастығын  көрсететін маңызды оқиға.
ХВҚ мен Қазақстан Ұлттық банкінің бірлескен күш-жігері Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия өңірі үшін әлеуетті дамытудың өңірлік орталығын ойдағыдай құруға өз үлесімді қосуға мүмкіндік берді. Бұл үдеріс 2020 жылдың желтоқсанында пандемия жағдайында, тиісті келісім-хатқа қол қойылған кезде басталды. Маған динамикалық және прогрессивті көзқарасымыздың дәлелі болып табылатын осы орталықты құруға белсенді түрде үлес қосу мүмкіндігі берілді.
Өңірлік орталықтың бүгінгі ашылуы оған қатысушы елдер арасындағы әлеуетті дамытуға және білім алмасуға ықпал ететін, сондай-ақ өңірдегі орнықты экономикалық өсу мен қаржылық тұрақтылыққа ықпал ететін өңірлік ынтымақтастық жөніндегі біздің күш-жігеріміздегі маңызды кезең болады. Алматыда өмір сүру сапасын жақсарту және дамыту үшін нақты белгіленген стратегиялар бар. Өзінің жайлы орналасуымен, дамыған инфрақұрылымымен және бизнеске қолайлы ортасымен біздің қала сауда, инвестиция және ынтымақтастық үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынады. Біз Алматының әлеуетін жаңа мүмкіндіктер ретінде зерттеу үшін Кавказ, Орталық Азия және Моңғолиядан келген кәсіпорындарды, инвесторлар мен кәсіпкерлерді құптаймыз, деді қала әкімі.

Өңірлік орталықты Қазақстанда орналастыру туралы шешімді ХВҚ 2019 жылдың қазан айында Қазақстаннан, Өзбекстаннан және Грузиядан түскен өтінімдерді қарағаннан кейін қабылдады. Алматыдағы кеңсе өңірдегі бірінші және адами әлеуетті дамыту жөніндегі Халықаралық валюта қорының шоты бойынша 17-ші орталық болып табылады.