Келесі жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий болмайды

Келесі жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий болмайды
Сурет: ашық дереккөз

Келесі жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий мерзімі аяқталады

Парламентте ұлттық экономика министрі бірқатар түзетулер енгізіп, кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін  реформалауды жоспарлап отырғанын айтып берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 

“Тәуекелдерді басқару жүйесі бақылаудың 70 саласында енгізіледі. Тексеру кестесі адамның қатысуынсыз қалыптасады. Автоматтандырылған. Егер объект, бизнес субъектісі заңды өрескел бұзса, ескертусіз тексеріс болуы мүмкін. Мысалы ол мемлекетке зиян келтіретін, халықтың өмірі мен денсаулығына, экологияға, ұлттық қауіпсіздікке зиян келтіретін шаралар қолданса, кенет тексеріс жүреді”, – деді Әлібек Қуантыров.

Жедел ден қою шаралары мемлекет өміріне барынша әсер ететін салаларға қатысты болады. Депутаттар бұл инновациялар табиғи монополиялар субъектілерінің тариф белгілеуінің ашықтығын арттырады дейді. Бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заң жобасына 300-ден астам түзетулер енгізу ұсынылып отыр. Олардың бірі – кәсіпкерлерді жазалаудан құқық бұзушылықтың алдын алу. Сондықтан бизнесмендерге қателіктермен жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі дейді сарапшылар.

“1 қаңтардан бастап олардың бақылауындағы субъектілердің тек 5%-ы ғана тексеріледі. Шын мәнінде, мемлекеттің мақсаты – жазалау немесе айыппұл салу емес. Кәсіпкердің жіберген кемшіліктерін түзетуіне мүмкіндік бере отырып, сіз оны жазаласаңыз, оны ресурстардың көлемінен айырасыз, менің ойымша, бұл экономика тұрғысынан әлдеқайда тиімді”, – деді Қарағанды  облысы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Гүлнәр Құрбанбаева.