Кельннен – қос алтын

Бокс

Германияның Кельн қаласында өткен халықаралық турнирден Қазақстан құрамасы екі алтын жүлдемен оралды. Ауыр салмақтағы А.Оралбай мен Қ.Қоңқабаев қарсыласының бәрінен басым түсті. С.Бибосынов, О.Асылқұлов, Е.Зейнулинов және Н.Оралбай финалда сүрінді. Командалық есепте Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды.

Отандастарымыздың нәтижелері:

52 келі. Сәкен Бибосынов: Кристофер Гоман (Германия) – 5:0, Мартин Вирбан (Венгрия) – қарсылас ортаға шыққан жоқ, Біләл Беннама (Франция) – 0:5.

57 келі. Оразбек Асылқұлов – Ани Хаксиллари (Германия) – 5:0, Ален Рахимич (Босния және Герцеговина) – 5:0, Самуел Кистогюрри (Франция) – 0:5.

63 келі. Ертуған Зейнулинов: Асан Хансен (Германия) – 5:0, Уессам Саламана (Сирия) – 5:0, Вандерсон де Оливейра (Бразилия) – 0:5.

69 келі. Асланбек Шымбергенов: Дениел Гроттер (Германия) – 2:3.

75 келі. Ермахан Жәкпеков: Андрей Мерзляков (Германия) – 1:4.

81 келі. Нұрбек Оралбай: Бен Ехис (Германия) – 5:0, Кено Мачадо (Бразилия) – 0:5.

91 келі. Айбек Оралбай: Виктор Шелстраете (Беларусь) – 5:0, Абнер Жуниор (Бразилия) – 5:0.

+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев: Дини Абуду Моиндзе (Франция) – 5:0, Алексей Заватин (Молдова) – қарсылас ортаға шыққан жоқ, Мұрат Әлиев (Франция) – 5:0.

Қазақстан құрамасы жыл басынан бері екінші халыаралық турнирге қатысып отыр. Халықаралық олимпиялық комитет алдағы іріктеу турнирлерінің өтпейтінін мәлімдеген еді. Дегенмен, былтырғы 2019 жылғы әлемдік доданың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы олимпиада жолдамасын толық иеленіп қойған болатын.

Ал Азия бокс конфедерациясы 2021 жылғы құрлық біріншілігі 21–31 мамыр аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында өтетінін мәлімдеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *