Kcell Solutions-тың бұрынғы қаржы директоры 7 жылға сотталды

Kcell Solutions-тың бұрынғы қаржы директоры 7 жылға сотталды
Сурет: Egov.kz

Ол қаржылық құжаттарды бұрмалап, өзіне заңсыз аванстар жазған.

Kcell Solutions ЖШС-ның бұрынғы қаржы директоры 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, бұрынғы топ-менеджер қаржылық құжаттарды бұрмалап, өзіне заңсыз аванстар жазған.

2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін ол 5 компанияның есеп айырысу шоттарына ақша аударған, сондай-ақ 467 млн теңгеден аса қаражатты заңсыз иемденген.

Ұрланған ақшаны бұрынғы қаржы директоры Алматыдағы букмекерлік кеңселерге барып, ұтысқа тіккен. Салдарынан ақшасынан айырылып қалған.