Қазақстанда автомобиль мен смартфонға қажет шынылар шығарылады

Қазақстанда автомобиль мен смартфонға қажет шынылар шығарылады
Сурет: Inbusiness.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

Қызылордада автомобиль мен смартфонға қажет шынылар шығарылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнес белдеуі құрылады.  Мұның арқасында бұрын импортталып келген тауарлар енді өзімізде шығарылады.

«Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесе отырып, «Орда-Glass» ЖШС шыны зауыты базасында  автомобиль шыныларын, шыны талшықтарын, шыныдан жасалған ыдыстар, ыдыс-аяқ, терезе шынылары мен смартфондарға арналған жұқа шыныларды өндіретін шағын зауыттар сала отырып, шыныдан дайындалатын бұйымдар өндірісін пысықтай бастадық», - дейді Өскенбаев.

Оның айтуына қарағанда, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен жаңа жобаларға да қатысты осындай тәсілдер қолданылады. 

«Ірі жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлерге инфрақұрылым ұсыну есебінен бұрын импортталған тауарлар оқшауланатын болады», - дейді Өскенбаев. 

2021 жылдың қорытындысы бойынша, жер қойнауын пайдаланушылар мен кәсіпорындардың 4 трлн теңге көлеміндегі тауарлары сатып алынған, оның ішінде импорт көлемі 2,9 трлн теңге болған.