Үш жыл түсірілген отандық фильм жақын күндері көрерменге жол тартады

Үш жыл түсірілген отандық фильм жақын күндері көрерменге жол тартады
Сурет: Elorda.info

"Нартай" фильмі 5 мамыр күні көрермен назарына ұсынылады.

Продюсер Гүлнәр Сәрсенова бастаған Eurasia Film Production кинокомпаниясының түсірілім тобы 3 жыл жұмыс істеген «Нартай" фильмі көрерменге жол тартады. Ол еліміздің кинотеатрларынан 5 мамырдан бастап көрсетіле бастайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

Фильмде 1991 жылғы оқиға баяндалған. Сюжеттің бас кейіпкері - Нартай Сапарғалиев. Оны КСРО-дан Германияға қашып кеткен орыс эквилибрисі танкімен бірге кездейсоқ ұрлап әкетеді. Жарқын қазақ жігіті шет елде достар тауып, Мюнхеннің басты алаңында – Мариенплацта әртіс болып жұмыс істейді және жолында кездескен кез келген адамға өзінің керемет батылдығын, тапқырлығы мен әзілін көрсетеді.   

Фильм Владимира Куниннің «Русские на Мариенплац» романының желісімен түсірілген. Сценарийін «Мамы», «Возвращение Мухтара», «Любовь-морковь 3», «Побег» және «Мажор» картиналары арқылы танымал болған Сергей Калужанов жазды.  

"Әрине, әр көрермен «Нартайдан» өзіне жақын бір нәрсені табады. Бірақ, мен үшін бұл - ең алдымен түрлі ұлт пен түрлі буынның достастығы. Фильм кейіпкерлерінің қарапайымдылығы мен шынайылығы жасына, ұлтына немесе саяси көзқарасына қарамастан, көрермендердің жүрегін жылытады деп сенемін", – деді продюсер Гүлнәр Сәрсенова. 

Басты рөлге көптеген отандық актерлер, соның ішінде Асылхан Төлепов пен Жандос Айбасов үміткер болды. Алайда, авторлардың таңдауы Шәріпбек Зәкіровке түсті. Бір қызығы, бұл - оның қатысуымен соңғы айда шығатын киноорталықтың үшінші жобасы («1941 жылдың жазы», «Патриоттар уақыты») және актердің басты рөлді сомдаған алғашқы фильмі.   

Сондай-ақ, фильмге Григорий Чабан мен Анна Старченко және олардың неміс әріптестері қатысты. Фильмнің қоюшы-операторы – Азамат Дулатов. Фильм негізінен Қазақстан мен Германияда түсірілді.