Қазақстанның солтүстік өңірлерінде ауа температурасы төмендейді

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде ауа температурасы төмендейді
baigenews.kz

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде ауа температурасы төмендейді,  деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Көктем ұзақ уақыт бойы солтүстік аймақтардың тұрғындарын жылы ауа райымен қуантты. Алайда 22 сәуірден бастап, елдің солтүстік жартысына суық солтүстік-батыс антициклоны келе бастайды, ол өзімен бірге таза арктикалық ауаны алып келеді.

Жаңбырдың қарға айналуы және ауа температурасының төмендеуі болжанады: түнде 3-8 градус аязға дейін, елдің батысы мен шығысында қатты жаңбыр, шығыста тіптен қарға айналатын жауын-шашын болады.

Бірақ оңтүстік өңірлер үшін ауа райы әлі де ыңғайлы болып қалмақ.

Бұның себебі – оңтүстік ауа массалары. Бұл аймақтарда найзағай мен қысқа мерзімді жаңбыр туындаса да, жоғары температура фоны сақталатын болады.