Қазақстанның екі фильмі Францияда прокатқа шығады

Қазақстанның екі фильмі Францияда прокатқа шығады
Сурет: ашық дереккөз
Режиссер Әділхан Ержанов түсірген екі авторлық фильм жақын арада Францияның кинотеатрларында көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Парижде өткен «Обучение Адемоки» лентасының премьерасы көп көрермен жинады. Дегенмен барғысы келгендердің бәрі фильмге кіре алмаған, деп жазды 24.kz.

«Мен үшін бір кішкене өкінішті нәрсе бар - Әділхан Ержанов әлемде өзін лайық деңгейде мойындатса да, Канн және Венеция кинофестивалдерінде табысқа жетсе де, жеткеннен кейін де ол көпке жасырын қалады. Біз өз деңгейімізде Әділхан және оның шығармашылығымен қалың аудиторияны таныстыруға тырысамыз»,-дейді Destiny Films өкілі Эрве Мийе

Келесі аптада француз кинотеатрларында ауыл мектебін басып алу туралы баяндайтын «Дауыл» артхаус фильмі шығады.

«Неғұрлым көп көрсетілім болса, соғұрлым жақсы, әрине. Мен актерлар үшін де, фильмдерде жұмыс істеген команда үшін де қуаныштымын. Олар әлемде де, Қазақстанда да жиі және көбірек көрсетіледі деп сенемін. Осы үшін жұмыс істеймін»,-дейді режиссер Әділхан Ержанов.