Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады
almaty-akshamy.kz

 Қазгидромет" РМК-сі еліміз бойынша 14 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, сонымен қатар еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша екпінді жел, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал", - дейді  Қазгидромет" РМК

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қатты жел соғып, кей уақыттардың соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады деп болжанады.

Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында, Қызылорда облысының солтүстігінде сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.