Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады

Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады
Сурет: 24.kz

Ауа температурасы 23-30 градусқа дейін жоғарылайды.

«Қазгидромет» мамандары 20-22 қыркүйек күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Жылы қоңыр күздегі ауа райы жаздың жылы күндерін жіберіп алғандардың бәрін қуантады. Қазақстанның басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы қалыптасты. Түнгі уақытта әлі де салқын болғанымен, күн біртіндеп ауаны жылытып, термометрлер бағаналары күндіз бүкіл Қазақстан бойынша 23-30 градусқа дейін жоғарылайды»,- делінген синоптиктердің хабарламасында. 

Тек батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде тұрақсыз ауа райы күтіледі, өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.