Жапонияда тайфун салдарынан 200 мыңға жуық үй жарықсыз қалды

Жапонияда тайфун салдарынан 200 мыңға жуық үй жарықсыз қалды
Сурет: Iz.ru

Тайфун аймағында желдің екпіні сағатына 234 шақырымға жетеді.

Жексенбіде Жапонияның оңтүстік бөлігін тарихтағы ең күшті тайфундардың бірі соқты. Оның құрбандары мен әкелген залалы туралы ақпарат әзірге жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Метеорологтар «Нанмадол» деп атаған тайфун жексенбі күні кешке (Еуропада таңертең) Жапонияның төрт негізгі аралдарының оңтүстігінде Кагосима қаласының жанында, Кюсюде құрлыққа шыққан.

Тайфун аймағында желдің екпіні сағатына 234 шақырымға жетеді (секундына 65 метр). Жапонияның метеорологиялық қызметінің бағалауы бойынша, бір тәуліктен аз уақыт ішінде кейбір жерлерде 500 мм-ге жуық жауын-шашын түсті. Лондонда немесе Мәскеуде, мысалы, орта есеппен жылына сәл көбірек - 600-700 мм түседі.

Мұндай бұрын-соңды болмаған нөсер су тасқынына, селге және көшкінге қауіп төндіріп отыр. Билік төрт миллионға жуық адамды қауіпсіз жерге эвакуациялауға шақырды (аралда барлығы 13 миллион адам тұрады). Кюсюге пойыздар, паромдар және әуе қатынасы тоқтатылды.

Тайфун келгеннен кейін көп ұзамай аралда 200 мыңға жуық үй жарықсыз қалды.