Қазақстандықтар қай дінді ұстанады?

Қазақстандықтар қай дінді ұстанады?
Сурет: 7-su.kz

Соңғы екі санақ аралығындағы кезеңде исламды ұстанатын халықтың үлесі қатты өзгерген жоқ – 69,3%, христиан діні – 17,2%, буддизм мен иудаизм – 0,1%.

Еш дінге сенбейтіндер үлесі 2,8%-дан 2021 жылы 2,3%-ға дейін төмендеді, Almaty-akshamy.kz.

Санақ қорытындысы бойынша респонденттердің 11% қандай да бір дінге қатысын көрсетуден бас тартқан. 2009 жылғы санақ кезінде мұндай бас тартқандардың үлесі 0,5% болған.

Қазақстан Республикасындағы білім беру жөніндегі келесі тақырыптық жинақ 6 қарашада жарияланады.

Анықтама: Айта кетейік, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары бойынша деректер санақ өткен уақытқа, яғни олар бөлінгенге дейін берілген. Бұл ретте жаңадан құрылған облыстардағы халық саны санақ деректерін ескере отырып қайта есептелген және stat.gov.kz сайтында жарияланған