Қазақстандық стенд атушылар Италияда жүлделі болды

Қазақстандық стенд атушылар Италияда жүлделі болды
Сурет: Egemen.kz

Италияның Лонато қаласында стенд атудан Əлем кубогының кезеңі өтіп жатыр.

Бүгін аралас жұптар арасындағы скит жаттығуында отандасымыз Əсем Орынбай мен Эдуард Ещенко қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, біздің спортшылар жүлде жолында Олимпиада чемпионы жəне күміс жүлдегері Кьяра Кайнеро мен Элия Сдруччолиден (Италия-2) басым түсті. Есеп: 44-43.

Бұл сында іріктеуге барлығы 42 команда қатысты.

Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында бір жүлде бар. Жарыс 17 шілдеде аяқталатындықтан, жерлестерімізде басқа жаттығуларда жеңімпаздар тізіміне кіруге мүмкіндік әлі де бар.