Қазақстандық стартап халықаралық конкурстың ақтық кезеңіне қатысады

Қазақстандық стартап халықаралық конкурстың ақтық кезеңіне қатысады
Сурет: Elorda.info

Болашақ түлегі Досжан Жүсіповтің Cerebra медициналық стартапы Дания астанасы Копенгагенде өтетін «Global Startup Awards» халықаралық стартаптар конкурсының финалында бақ сынайды.

Досжан Жүсіпов 2016 жылдан бері өзінің жеке стартаптарымен айналысады.

Бұрын «Болашақ» түлегінің стартапы Emerge Challenge 2021 финалисі атанып, 700 стартаптың ішінен ТОП-5, Slingshot 2020 нұсқасы бойынша ТОП-500 стартаптың қатарына кірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Cerebra – инсультті дер кезінде анықтауға арналған жасанды интеллект. Жоба күрделі мәселені көтеріп отыр, өйткені инсульт – Қазақстандағы өлім-жітімнің басты себептерінің бірі. Досжан командасының инновациялық әзірлемесі дәрігерлерге заманауи технологиялардың көмегімен барынша тез әрі дәл диагноз қоюға көмектесуге арналған.

Досжан Жүсіпов 2016 жылдан бері өзінің жеке стартаптарымен айналысады. Досжанның алғашқы жобасы Med365 атты қауіпті өндірістер мен көлік жұмысшыларының медициналық тексеруден өтуін автоматтандыру жүйесі болды.