Визасыз келген шетелдіктер елімізде бір ай бола алады

Визасыз келген шетелдіктер елімізде бір ай бола алады
Сурет: Вaq.kz

Елімізде 27 қаңтардан бастап жаңартылған Көші-қон ережелері күшіне енді.

Бұл ережелердің уақытша тұруға келгендер мен визаға рұқсаты барларға қатысы жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстанға визасыз келген шетелдіктер елде 30 күн бола алады. Бірақ алты ай ішінде олардың жалпы болу мерзімі 90 күннен аспауы керек. Ал, Қазақстанға келген ЕАЭО азаматтары сәйкесінше 180 күн ішінде 90 күннен аспайды. Ереженің бұрынғы редакциясында бұл мәселе реттелмеген, шетелдіктер елде болу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстаннан тыс жерлерге барып, сол арқылы «елде болу мерзімін жаңарту арқылы» қайта кіре алатын еді», - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Оның сөзінше, елде болуды шектейтін бұл ережелер уақытша тұруға немесе визаға рұқсатты рәсімдеген шетелдіктер үшін қолданылмайды.