Елімізде интернет алаяқтықпен күресетін арнайы жедел тергеу тобы құрылды

Елімізде интернет алаяқтықпен күресетін арнайы жедел тергеу тобы құрылды blog.ukrnames.com

Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қазіргі таңда азаматтардың ақшасын алдау жолымен заңсыз иемдену - қылмыстардың ең көп тараған түрі. Аталған қылмыс түрімен күресу - еліміздегі және бүкіл әлемдегі өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет басшысы өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында алаяқтық қылмыстарға қарсы нақты шаралар қабылдау керек екенін атап өткен еді», - деді Рүстем Дүйсетаев министрлікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, алаяқтар адамдарды алдау үшін түрлі амалдарды қолданады, сол себептен аталған қылмыстың саны жылдан-жылға көбейіп барады.



«Интернет алаяқтықпен күресу жолында министрлікте тиісті шаралар қабылданып жатыр. Өткен жылдан бастап кибершабуылға қарсы бағдарлама іске қосылды. Сол секілді өңірлерде арнайы жедел тергеу топтары құрылды. Одан бөлек, әр тоқсан сайын жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылып тұрады», - дейді ол.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:53

15:42

15:38

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12

14:21

14:17

13:51

13:42

13:03

12:57

12:36

12:32

12:16

11:54

11:46

11:37

11:02

10:47

10:37

10:34