Қазақстандық спортшы MMA-де нокаутпен дебют жасады

Қазақстандық спортшы MMA-де нокаутпен дебют жасады
Сурет: Sports.kz

22 жастағы қазақстандық спортшы Олжас Ерланов Кара-Балтада (Қырғызстан) EFC Global 33 аралас жекпе-жек турниріне қатысты.

Қазақстандықтың қарсыласы 18 жастағы қырғызстандық спортшы Дастан Каныбек уулу болды. Аса жеңіл салмақтағы (57 келіге дейін) жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді, бірақ екінші бес минутта техникалық нокаутпен аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Ерланов қарсыласының арқасына жармасып, соққылады. Осыдан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатты. Бұл – екі спортшының да кәсіби мансабындағы дебюті.