Қазақстандық клубтардың қарсыластары анықталды

Қазақстандық клубтардың қарсыластары анықталды
almaty-akshamy.kz

Футболдан қазақстандық клубтардың Еуропа лигасы және Конференция лигасы плей-офф сатысындағы ықтимал қарсыластары анықталды

Бүгін еурокубок ойындары плей-офф сатысының жеребесі тартылды.

Елордалық «Астана» Еуропа лигасы плей-офф сатысына шыққан жағдайда Нидерландтың «Аякс» клубымен кездеседі.

Одан бұрын үшінші ірікттеу сатысында қазақстандық команда 10 және 17 тамыз күндері Болгарияның «Лудогорец» командасымен сынға түседі.

Аталған ойында жеңілген жағдайда «Астана» Конференция лигасы плей-офф сатысында «Валмиера» (Латвия) және «Партизани» (Албания) жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Ал қостанайлық «Тобыл» Конференция лигасы плей-офф сатысына шыққан жағдайда «Виктория» Пльзень (Чехия) мен «Гзира Юнайтед» (Мальта) жұбының жеңімпазымен жасыл алаңға шығады.

Одан бұрын қостанайлық Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында 10 және 17 тамыз күндері «Дерри Сити» (Ирландия) клубымен ойнайды.

Сондай-ақ «Актобе» плей-офф сатысында «Будё-Глимт» (Норвегия) және «Пюник» (Армения) жұбының жеңімпазы қарсылас атануы ықтимал.

«Ақтөбе» одан бұрын жарыстың үшінші сатысында 10 және 17 тамыз күндері Румынияның «Сепси» клубымен кездеседі.