Алматыда қандай маркалы көліктер құрастырылатыны айтылды

Алматыда қандай маркалы көліктер құрастырылатыны айтылды
Сурет: Ақорда

Инвестицияның жалпы құны 100 миллиард теңгеден асады

Алматыда Changan, Chery, Haval маркалы автомобильдер шығаратын зауыттың іргетасы қаланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев мультибрендті, яғни Changan, Chery, Haval сынды түрлі маркалы автомобильдерді шығаратын зауыттың іргетасын қалау рәсіміне қатысты.Президентке жобаның төлқұжаты таныстырылып, 2024 жылдың төртінші тоқсанында ашылады деп жоспарланған зауыттың үлгісі көрсетілді. Зауыттың өндіріс аумағы 100 мың шаршы метрден асады. Үш автокөлік маркасының әрқайсысы үшін дәнекерлеу және құрастыру жұмыстарына арналған жеке цех салынады.

Зауыт іске қосылғаннан кейін оның өндірістік қуаты жылына 90 мыңнан астам көлік шығаруға жетеді. Инвестицияның жалпы құны 100 миллиард теңгеден асады. «Astana Motors» компаниясы 2200-ге жуық жұмыс орнын ашады.