Нұртөре Жүсіп, Сенат депутаты: Бұл - тарихи сөз

Нұртөре Жүсіп, Сенат депутаты:  Бұл - тарихи сөз almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы ҚР Парламенті платформасында Қазақстан халқына жасаған үндеуіне ҚР Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев Мәжіліс отырысында сөз сөйледі. Елдің ең өзекті мәселелері ортаға салынды. Халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды тапсырмалар берді.
Бірінші кезекте Тәуелсіздікті нығайту, бұл үшін әскерді күшейту, білімді арттыру, халықтың табысын көтеру, өңдеу және тау-кен өндірісін, ауылшаруашылығын дамыту, инфляцияны ауыздықтау, квазимемлекеттік секторды реттеу және тағы басқа салаларға қатысты нақты тапсырма берді.


"Қазақстан халқына" әлеуметтік-қоғамдық қоры ашылады. Оның қаржысы қатерлі ауруға шалдыққандардың қымбат еміне, операциясына,  балаларға, бұқаралық спортты дамытуға арналған кешендер салуға, қызметтік борышын атқара жүріп опат болған құқық  қорғау, әскери, азаматтық қызметкерлердің отбасына көмектесуге, зардап шеккен аймақтарға көмекке жұмсалады.


Қаржыландыру жеке және мемлекеттік қаржы көздерінен, шетелдік қайырылымдылық қорларынан болады. Байлығы асып-тасыған олигархтар жыл сайын қаржы құюы керек. Бұл өте өзекті мәселе. «Самұрық-Қазына» қорын реформалау қажет, жасай алмасақ, оның экономикамызға қажеті жоқ, - деді.


Елдегі ең үлкен Ұлттық компаниялар жұмысы сынға алынды.
«Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларына қатысты шағымдар жиі келіп түседі. Қордың активі жалпы ішкі өнімнің 60 пайызына жуығын құрайды. Бірақ қор ұлттық байлықты арттырды ма? Қордың үлкен жалақы алатын басшылары, қызметкерлері немен айналысады? Квазимемлекттік секторды түбегейлі өзгертуді тапсырамын. Егер оны реформалай алмасақ, ондай қордың біздің экономикамызда болмағаны дұрыс», - деді Мемлекет басшысы Мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде.


Мемлекет басшысы мәлімдемесін тарихи сөзбен түйіндеді. "Жаңа Қазақстанды" бірге құрайық!" - деді. Бұл жаңа өзгерістердің басталатындығын аңғартады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37