Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов титул үшін айқасты нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов титул үшін айқасты нокаутпен жеңді
Cурет: Sports.kz

Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (12-2, 5 КО) Прагада өткен бокс кешінде өнер көрсетті.

Sports.kz мәліметінше, Д. Дәукенов колумбиялық Эбер Тобармен (8-4-3, 3 КО) кездесіп, оны техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жекпе-жек орташа жартылай салмақта Чехия чемпионы атағы үшін өтті.

Осылайша, қазақстандық спортшы кәсіби мансабында 13-інші жеңісіне қол жеткізді. Ол профи-рингке алғаш рет 2017 жылы шыққан еді. Ал Э.Тобар мансабында 5-інші рет жығылып отыр.