Қазақстандық биатлоншы спринт бойынша жарысты аяқтады

Қазақстандық биатлоншы спринт бойынша жарысты аяқтады
Сурет: Olympic.kz

Қысқы Олимпиада ойындары аясында биатлоннан әйелдер арасында спринт бойынша жарыстар өз мәресіне жетті

Аталған санат бойынша ел құрама сапынан Галина Вишневская-Шепоренко жарысқа қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз мәреге 52-ші болып жетті. Ол мәреге жеңіпмаз атанған норвегиялық Марте Олсбю-Ройселанннан 2:38.3 уақыт кеш келді.

Швециялық Эльвира Эбер Олимпиаданың күміс жүлдесіне ие болса, италиялық Доротея Вирер үздік үштікті қорытындылады.