Қазақстандағы Түркия елшілігі халыққа үндеу жолдады

Қазақстандағы Түркия елшілігі халыққа үндеу жолдады
Сурет: интернеттен

Елшілік көрсетілетін көмектің тізімін жариялады.

Түркияның Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Елшілік Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қажетті заттардың тізімін нақтылады.

«Жер сілкінісінен кейінгі бірінші кезектегі қажеттіліктер мен логистикалық мүмкіндіктерге байланысты, біздің елшілікке/ Бас консулдыққа көрсетілетін көмек тек төменде келтірілген материалдармен шектелсе деген өтінішіміз бар», - делінген хабарламада.

Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін келесі заттар қажет:

шатыр,

генератор,

жылытқыш,

көрпе,

ұйықтайтын сөмке.

Көмекті Астана қаласы, Жұмабек Тәшенов көшесі, 3 мекенжайы бойынша ҚР-дағы Түркия елшілігіне, сондай-ақ Алматы қаласы, Төле би көшесі, 29 мекенжайы бойынша Түркияның Алматыдағы Бас консулдығына апаруға болады.