Қазақстанда Волонтерлікті дамытудың жаңа Жол картасы әзірленеді

Қазақстанда Волонтерлікті дамытудың жаңа Жол картасы әзірленеді
Сурет: Egemen.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Халықаралық еріктілер форумының екінші күнінде Волонтерлікті дамытудың жаңа Жол картасын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Біріншіден, стратегиялық ұстанымдарды айқындайтын жаңа Жол картасы керек. Осындай құжатты әзірлеу керек. Бұл құжат волонтерлік қызметке қуатты серпін беріп, оның алдағы жылдардағы бағытын айқындауға тиіс.

Екіншіден, волонтерлік пен қайырымдылық жұмыстың есептілік жүйесін енгізу керек. Бұл бастама волонтерлік қызметті заңнама деңгейінде ынталандырудың тиімді тәсілдерін енгізуге көмектеседі», - деді Мемлекет басшысы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан іс-шарада.