Қазақстанда Құрылыс кодексі дайындалып жатыр

Қазақстанда Құрылыс кодексі дайындалып жатыр
Сурет: El.kz

Осы айда оның жобасы қоғам талқысына түседі.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Құрылыс кодексін әзірлеу мақсатында жұмыс тобы құрылып, жол картасы бекітілді. Салалық қауымдастықтар мен институттардың қатысуымен кодекстің алғашқы жобасы әзірленді. Қатысқандар қатарында мемлекеттік қала құрылысы кадастры, мемлекеттік сараптама республикалық мекемесі, қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты, Қазақстанның тұрғын үй коммуналдық шаруашылық орталығының өкілдері бар», - деді Марат Қарабаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Құрылыс кодексінің жобасы осы айда қоғамдық талқыға шығарылады.

«Биыл жыл соңына дейін аталған жобаны Мәжілістің қарауына енгізу жоспарланып отыр. Тұтастай алғанда, Құрылыс кодексі 4 заңды біріктіреді. Олар - "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы", "Жеке тұрғын үй құрылысы туралы" және "Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" заңдар. Осылайша құрылыс процесінің циклын жоспарлаудан пайдалануға дейін толық қамтиды», - дейді Индустрия министрінің міндетін атқарушы.