Қазақстанда көптеген инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Қазақстанда көптеген инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Сурет: Gov.kz

Республика халқының арасында жүргізілетін профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде 42 инфекциялық ауру тіркелмеген, оның ішінде: оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, сібір ойық жарасы, іш сүзегі, құтыру, туляремия, сіреспе.

26 инфекция, оның ішінде коронавирус инфекциясы 5 есе, скарлатина 27,5%-ға, бруцеллез 24,9%-ға, ауыз вирусы инфекциясы 23%-ға, эхинококкоз және лямблиоз 20,7%-ға, энтеробиоз 15,5%-ға, сальмонеллез 9%-ға төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

2024 жылғы ақпанда қаңтармен салыстырғанда қызылшамен сырқаттанушылықтың 33%-ға төмендеуі байқалады. Сырқаттанушылық егілмеген балалардың есебінен тіркеледі, бұл сырқаттанған балалар санының 83% -ын құрайды.

Сонымен қатар, көкжөтелмен сырқаттанушылықтың өсуі тіркелді. Көкжөтелмен ауыратындардың 91%-ы егілмеген балалар. Көкжөтелмен сырқаттанушылықтың өсуі жоспарлы вакцинациялауды өткізіп алу және вакцинациялаудан бас тартудың себебінен ұжымдық иммунитетінің төмендеуімен байланысты.

Вакцинациялау жүргізілетін инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында ата-аналарға балаларында екпелердің болуына назар аударуды ұсынамыз. Вакцинациялау болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымнан екпе алу керек.