Елімізде су саласына жауапты министрлік құрылуы мүмкін

Елімізде су саласына жауапты министрлік құрылуы мүмкін
Сурет: Elorda.info

Бұл туралы бүгін Парламенттік тыңдауда Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин айтты.

Депутат көрші елдерде бұл мәселемен бүтіндей министрлік немесе агенттік айнаысатынын алға тартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

"Көрші мемлекеттерді алып қарасақ, оларда су шаруашылығымен тиісті министрлік немесе агенттік айналысып отыр. Бұл мәселенің өзекті екенін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов атап өтті. Сондықтан су саласына жауапты және Қазақстан атынан халықаралық деңгейде келіссөздер жүргізетін тиісті министрлік құрудың уақыты келген сияқты", - деді Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин.