Қазақстанда алғаш рет биатлоннан дүниежүзілік дода өтіп жатыр

Қазақстанда алғаш рет биатлоннан дүниежүзілік дода өтіп жатыр
Сурет: 24.kz

Әлем үздіктері Бурабайға жиналды.

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы жарысқа 41 елден 800-ден аса спортшы қатысады. Күні кеше Ақмола облысындағы шаңғы-биатлон базасында дүниежүзілік доданың ашылу салтанаты өтті. Ал қазір спортшылар жарыс алдындағы соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Негізгі бәсекелердің өзі ертең басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Айтулы аламанда ел намысын 20 биатлоншы қорғауға мүмкіндік алды. Алдағы уақытта осындай форматтағы жарыстарды Қазақстанның басқа аймақтарында да өткізу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов халықаралық биатлоншылар одағының президенті Олле Далинмен кездесу барысында мәлімдеді. Тараптар қысқы спорт түрінің инфрақұрылымын қаслыптастыру мен оны кешенді дамытудың негізгі тетіктерін талқылады.

«Біз Жетісу облысында шаңғы-биатлон кешенінің құрылысын бастағымыз келеді. Бұл еліміздің оңтүстік аймағы және қары көп емес. Осы тұрғыда Олле Далин мырза халықаралық биатлоншылар одағының тарапынан өз ақыл-кеңесін берсе дейміз. Яғни, база барлық талапқа сай болып, осындай әлемдік алмандарды қабылдағанын қалаймыз», - дейді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.