Теннисші Денис Евсеев Президент кубогының финалына өтті

Теннисші Денис Евсеев Президент кубогының финалына өтті
Сурет: Inform.kz

Елордада ерлер мен әйелдер арасында Президент кубогының финалына шыққан теннисшілер анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Денис Евсеев өз спорттық жолында алғаш рет челленджер турнирінің финалына жолдама алды. Д.Евсеев жартылай финалда отандасы Бейбіт Жукаевты 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

Әр партияда Денис бір-бірден брейк жасады. Д.Евсеев жексенбі күні финалда жарыстың бірінші ракеткасы, ресейлік Роман Сафиуллинмен бас жүлдені сарапқа салады. Р.Сафиуллин жартылай финалда тағы бір қазақстандық Дмитрий Попкодан айласын асырды - 6:3, 6:2.

Президент кубогы аясында әйелдер арасында ITF M60 додасында соңғы бәсекеде жапониялық Моюка Учиджима мен сербиялық Наталья Стефанович кездеседі. Еске сала кетейік, бұдан бұрын алғаш рет үш қазақстандық теннисшінің Президент кубогының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.