«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау мерзімі белгіленді

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау мерзімі белгіленді
Сурет: Kazbilim.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін белгілейтін бұйрық дайындады.

Биыл конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау 2 мамырдан 7 қазанға дейін, конкурстың өзін өткізу 16 мамырдан 30 қарашаға дейін белгіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұдан басқа, құжатта 2022 жылға арналған «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқуға болатын мамандықтар тізбесі ұсынылған.

Атап айтқанда, оған мыналар кірді:

  • Сандық экономика. Сандық маркетинг.
  • Инновациялық менеджмент. Технологиялар менеджменті.
  • Үлкен деректерді талдау. Салалар бойынша болжамды талдау.
  • Ақпараттық (кибер) қауіпсіздік және криптография.
  • Кәсіпкерлік. Әлеуметтік кәсіпкерлік.
  • Робототехника.
  • Медиатехнология. Сандық медиа. Сервистік платформаларды әзірлеу. Көрнекі мазмұнды жобалау.
  • Қаржылық технологиялар және тағы басқалар.

Бұйрық жобасы 7 сәуірге дейін Ашық НҚА сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.