Қазақстан жұлдыздары үндеу жасады

Қазақстан жұлдыздары үндеу жасады
Сурет: Polisia.kz

Үндеу жасауға оншақты адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғаларының жиі болуы себеп болды.

Бейне хабарламаларды әртістер, актерлер, журналистер, спортшылар, блогерлер мен вайнерлер жазды. Олардың басты мақсаты – қазақстандықтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және қайтымсыз салдары бар қайғылы оқиғалардан қорғауға шақыру, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Мәдениет, теледидар, спорт қайраткерлері әлеуметтік челленджды ықыласпен қолдап, қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне бей-жай қарамайтын әріптестеріне жеткізді.