Қазақстан Үкіметі Жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын қайта қарайды

Қазақстан Үкіметі Жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын қайта қарайды
Сурет: Qazaqtv.com

Ұсыныстар Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында талқыланды.

Жекешелендіру жоспарына 721 ұйым енгізілген, оның ішінде 230-ы сатылып, тағы 50-ге жуығы тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл ретте активтерді баланстық құннан төмен сатуға тыйым салу, сатып алушы мен сатушының үлестес болуына жол бермеу, стратегиялық маңызды нысандарға мемлекеттік бақылауды сақтау бойынша заңнамалық түзетулер пысықталып жатыр. Сондай-ақ, Жекешелендіру жоспарына бәсекелестік ортаға беруі экономикаға оң септігін тигізетін жаңа ұйымдарды енгізу ұсынылды. Компаниялардың бір бөлігін «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компанияларының IPO арқылы нарыққа шығару жоспарланған.