Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді
almaty-akshamy.kz

Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу турнирінің 6-шы турындағы ойында Солтүстік Ирландияны жеңді – 1:0, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Матчтағы жалғыз голды 27-минутта ақтөбелік шабуылшы Максим Самородов соқты.

Қазақстан құрамасы алты ойында 12 ұпай жинап, H тобында екінші орынға көтерілді. Солтүстік Ирландия 3 ұпаймен топта соңғы орында тұр.

Келесі ойында Қазақстан сырт алаңда Даниямен ойнайды. Ойын 14 қазанда өтеді. Сол күні Солтүстік Ирландия өз алаңында Сан-Мариноны қабылдайды.