Қазақстан СІМ басшысы Ұлыбритания Елшісін қабылдады

Қазақстан СІМ басшысы Ұлыбритания Елшісін қабылдады
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Личті қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланып, жоғары деңгейдегі сапарлар мен іс-шаралар кестесі қарастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz СІМ сайтына сілтеме жасап. 

Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын кеңейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Тараптар, атап айтқанда, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге тезірек қол қоюдың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар ғылым және білім саласындағы әріптестіктің жоғары әлеуетіне тоқталып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ортақ қызығушылықты растады.