Қазақстан Президенті: Азаматтар өзгерістерді күтіп отыр

Қазақстан Президенті: Азаматтар өзгерістерді күтіп отыр
Сурет: Gov.kz

 Үміттеніп отыр. 

Еліміздің азаматтары өзгерістерді күтіп отыр, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады», - деді Мемлекет басшысы.