Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе тасымалы екі есеге артады

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе тасымалы екі есеге артады
Сурет: Almaty.tv

Жолаушылар тасымалы рейстерінің артуы ертеңнен басталмақ.

13 мамырдан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы жолаушылар әуе тасымалы екі есеге артады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осы айда екі елдің авиациялық билігі әуе тасымалын одан әрі арттыру мен ұшу географиясын кеңейту бойынша келіссөздер жүргізеді. Бұл туралы мемлекет басшылары Қ. Тоқаев пен Р. Эрдоғанның Анкарада өткен шағын құрамдағы кездесуі кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.