Қазақстан қоржыны екінші «алтынмен» толықты

Қазақстан қоржыны екінші «алтынмен» толықты
Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Ел құрамасы Азия ойындарында екінші алтын медальді жеңіп алды.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухара Ирназарова чемпион атанды. Отандасымыз 560 ұпай жинап, Солтүстік Кореядан келген екі мергеннен озып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бұл – Азия ойындарындағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін екінші алтын медаль.

«Керемет нәтиже! Зухараны кез келген спортшы үшін маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл ол үшін соңғы жетістік емес екеніне сенімдімін», - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.