Қазақстан футбол құрамасының ойыншысына үш елдің елдің клубы көз тігіп отыр

Қазақстан футбол құрамасының ойыншысына үш елдің елдің клубы көз тігіп отыр
Сурет: instagram.com/samorodov_10_/

 Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Самородовқа шетелдік клубтар тарапынан қызығушылық артты.

Қазірдің өзінде Ресей, Түркия және Италия елдерінің командалары назар аударып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz хабарлауынша, жартылай қорғаушының өзі биыл күзде Мәскеуде болып қайтты. Кейін «Локомотив», «Краснодар», «Спартак» және «Ростов» командаларына ауысуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Күні кеше түркиялық «Трабзонспор» командасының да Максимді бақылап жүргені белгілі болды және алдағы трансферлік маусымда командаға келуі мүмкін ойыншылар тізіміне қосқан.

Бұған қоса, италиялық «Торино» командасы да қазақстандық футболшыны жіті назарда ұстап жүр. Жерлесіміздің өзі нақты қайда баратынын жариялаған жоқ. Белгілісі, қазір өнер көрсетіп жүрген «Ақтөбе» командасы оны өз сапында алып қалғысы келеді. Осы мақсатта оған жаңа келісімшарт ұсынған. Ал Transfermarkt порталы 21 жастағы қазақстандық аяқдопшының нарықтық құнын 900 мың еуроға бағалап отыр.