Қазақстан Ауғанстанмен сауда ынтымақтастығын арттырады

Қазақстан Ауғанстанмен сауда ынтымақтастығын арттырады
Сурет: ашық дереккөз

 Еліміздің Ауғанстанмен сауда қарым-қатынасындағы басым өнімдер аталды. Аталған елмен сауда ынтымақтастығы арта түспек. Бұл туралы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, -деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Біз Ауғанстанмен ынтымақтасамыз, сауданы дамытамыз. Екіжақты сауда 1 миллиард долларды құрайды. Бұл Әзербайжанмен, Түркіменстанмен жасалған саудамен салыстырғанда айтарлықтай көп. Осы орайда сауда ынтымақтастығын одан әрі арттырамыз. Ауғанстанмен екіжақты саудада бидай, ұн, күнбағыс майы басымдыққа ие. Неліктен бұл мүмкіндіктен бас тартуымыз керек? Бұл, сайып келгенде, біздің мемлекетімізге пайда әкеледі», - деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында.

Сондай-ақ, министр Ауғанстанда сауда үйі ашылып, оған арнайы өкіл тағайындалғанын айтты.

«Ресми өкіл жұмысты үйлестіруге жауапты, өйткені Ауғанстанның аумағы үлкен әрі әртүрлі. Енді екіжақты сауданы дамытуда нарықты зерделеп, жергілікті кәсіпкерлермен танысу қажет. Ауған кәсіпкерлерін осында шақырып, бизнес-форум өткізгім келеді. Оларға біздің мүмкіндіктерімізді көрсеткен жөн», - дейді ол.