Қазақ гимнасты әлем кубогінде екі медаль жеңіп алды

Қазақ гимнасты әлем кубогінде екі медаль жеңіп алды
Cурет: Olympic.kz

Өзбекстан астанасында көркем гимнастикадан әлем кубогі мәреге жақындады. Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан командасы топтық жаттығуда тағы жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, командамыз доптар/лента жаттығуында күміс медаль және шеңбермен жаттығуда қола медаль жеңіп алды.

Ұлттық құрама сапында Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мұрзағалиева, Рената Жолдинова, Айдана Шаяхметова, Аружан Қасенова, Әсел Шүкірбай өнер көрсетті.

Еске салайық, кеше аталған спортшы қыздар топтық жаттығуда қола медаль еншілеген болатын.