Қазақ фильмі халықаралық кинофестивальде топ жарды

Қазақ фильмі халықаралық кинофестивальде топ жарды
Сурет: 24.kz

Мароккодағы халықаралық кинофестивальде режиссер Гүлнар Сәрсенованың "Нартай" туындысы "Ең үздік режиссура" деп танылған.

Узуд таулы мекенінде алғаш рет өтіп жатқанына қарамастан фестивальге Еуропа мен Африканың танымал өкілдері жиналды. Біздің фильм сыншылардың ғана емес, қалың көрерменнің де көзайымына айналды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

24.kz-тің хабарлауынша, қазақ танкисі туралы драманың ұнағаны соншалық, оны Мароккода бірден көрсету туралы ұсыныс жасалды. Жалпы бұл елді "Африканың Голлливуды" деп атайды.

«Марокко мен Қазақстанның саясат, экономика және басқа да салалар бойынша қарым-қатынасы жақсы дамып келеді. Оның үстіне, бір-бірінен алыста орналасқанына қарамастан қос мемлекеттің ортақ тұстары өте көп.  Бұл мәдениетте шекара болмайтындығының жарқын дәлелі болса керек», - дейді Марокко королінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі Бахижа Симу.

«Қазақ киносына деген қызығушылық өте жоғары. Осылайша жергілікті халық біздің елімізді, мәдениетіміз туралы көбірек білгісі келеді. Көрермендер қазақ киномектебінің деңгейі осыншалықты жоғары болатынын күтпегенін жасырмай айтады. Шынында біздің фильмдер арқылы біздің елді кеңінен тануға болады», - дейді  қазақ киносы қауымдастығының президенті Андре Иванов.