Қазақ әскері Орталық Азияда көшбасшы атанды

Қазақ әскері Орталық Азияда көшбасшы атанды
Сурет: Ernur.kz

Global Firepower порталы әскери әлеует деңгейі бойынша жылдық рейтингін жариялады.

Қазақстан әскері 145 мемлекеттің ішінде 58-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл Орталық Азиядағы үздік көрсеткіш. Әр мемлекеттің әскері 60 түрлі критерий есебі бойынша бағаланған. Оның ішінде әскери бөлімшелер, адам ресурсы, қаржы жағдайы, технологиялық даму, географиялық орналасуы, мобильділігі, тағы басқалары бар. Үздіктердің тізімінде АҚШ, Ресей мен Қытай алғашқы орындарға жайғасқан.